• 001.jpg
  • 002.jpg
  • 003.jpg
  • 004.jpg
  • 005.jpg
  • 006.jpg
  • 007.jpg
  • 008.jpg
  • 009.jpg
  • 011.jpg
  • 012.jpg
  • 013.jpg
  • 014.jpg

Алға аудандық мәслихат хатшысының
Ш Е Ш І М І
«Аудандық  мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші
сессиясын шақыру туралы»

«11»  қараша  2022 ж.                                                                                                № 33

 

Қазақстан  Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабының 2 – тармағына сәйкес ШЕШТІ :

Аудандық  мәслихаттың  кезектен тыс  жиырма төртінші сессиясы 2022 жылдың  16 қарашасына  сағат  10 – 00 - ге   шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне  мына  мәселелер   енгізілсін:

1.  Алға аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 109 «2022-2024 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 

Ақпарат жасаушы: Д.Асқарова - аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы. 

2. «Алға ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

Ақпарат жасаушы: Б.Аппазов - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы. 

3. Алға қаласының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы.

Ақпарат жасаушы: Н.Сурбаев - Алға қаласының әкімі. 

4. Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі  № 424 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат жасаушы: Н.Бердібаев - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы. 

5.  № 166 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат жасаушы: А.Нұрмағамбетова – аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  төрағасы.

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                                                                                            М.Тулеуов

ҚР Президенті

tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Мемлекет басшысының жолдауы

Алға аудандық мәслихатының хатшысы

Мәслихат хатшысы

4134234

Алға аудандық мәслихатының хатшысы
Тулеуов Марат Шамшадинұлы