• 001.jpg
  • 002.jpg
  • 003.jpg
  • 004.jpg
  • 005.jpg
  • 006.jpg
  • 007.jpg
  • 008.jpg
  • 009.jpg
  • 011.jpg
  • 012.jpg
  • 013.jpg
  • 014.jpg

Қазақстан  Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10 – бабының 2 – тармағына сәйкес ШЕШТІ :

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясы 2022 жылдың 25 ақпанына  сағат 10-00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне  мына  мәселелер енгізілсін:

1.Алға аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 109 «2022-2024 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.  

Ақпарат жасаушы: Д.Асқарова - аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

2.Алға ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы.

Ақпарат жасаушы: Б.Аппазов – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

3.Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 қарашадағы № 54 «Алға аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4.Алға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

5.Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат жасаушы: А.Нұрмағамбетова – Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы.    

6.Алға ауданы әкімдігі жанындағы Қылмыстық-атқарушы жүйесі мекемелері мен органдарының қызметіне жәрдемдесу мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органның комиссия құрамын бекіту туралы.

Ақпарат жасаушы: Н.Бердібаев – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

7. Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы №397 «Алға аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат жасаушы: Г.Нұғыман – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру- құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы.

 

 Аудандық мәслихат хатшысы                                                                                              М.Тулеуов

ҚР Президенті

tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Мемлекет басшысының жолдауы

Алға аудандық мәслихатының хатшысы

Мәслихат хатшысы

4134234

Алға аудандық мәслихатының хатшысы
Тулеуов Марат Шамшадинұлы