• 001.jpg
  • 002.jpg
  • 003.jpg
  • 004.jpg
  • 005.jpg
  • 006.jpg
  • 007.jpg
  • 008.jpg
  • 009.jpg
  • 011.jpg
  • 012.jpg
  • 013.jpg
  • 014.jpg

Алға аудандық мәслихаты хатшысының 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 02-1/5 өкімімен бекітілген, Алға ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы, Алға ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Атауы: «Алға аудандық мәслихатының аппараты» ММ;
Пошталық мекен-жайы: 030200, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы 5 шағын аудан  4 үй, 301 бөлме.

Электронды пошта мекен жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Анықтамалар үшін телефондар: 4-23-06 жəне 4-10-00.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2022 жылғы «1» ақпан - «14» ақпан аралығында.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Алға ауданының шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1-тармағына сәйкес, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауға тиіс;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған болмауы;
3) психикалық, мінез-құлықтық бұзылуларға (ауруларға) байланысты, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы тиіс.
Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат Заңның 10-бабының 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды дербес немесе мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды талап етуіне жазбаша келісім арқылы ұсынады.
Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған жағдайда сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді:
1) Заңның 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
2) Заңның 10-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаған жағдайда;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған жағдайларда.
Сонымен бірге, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алатынын Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы - 11 мүшеден құралады.
Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады: 030200, Алға қаласы 5 шағын аудан  4 үй, 301 бөлме, сағат 08.00-ден 17.30 дейін, үзіліс 12.00-дан 13.30 дейін белгіленген мерзімде мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, қағаз және электронды түрде.

Өтініш

ҚР Президенті

tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Мемлекет басшысының жолдауы

Алға аудандық мәслихатының хатшысы

Мәслихат хатшысы

4134234

Алға аудандық мәслихатының хатшысы
Тулеуов Марат Шамшадинұлы