• 001.jpg
  • 002.jpg
  • 003.jpg
  • 004.jpg
  • 005.jpg
  • 006.jpg
  • 007.jpg
  • 008.jpg
  • 009.jpg
  • 011.jpg
  • 012.jpg
  • 013.jpg
  • 014.jpg

Алға аудандық мәслихаты, Алға ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелігіне конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Мемлекеттік органдар, коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің және азаматтардың қатарынан жұмыс тобының сандық құрамы 4 мүшені құрайды.
Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды тапсырады:
1) жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Ашықтылық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына дауыс беру құқығы жоқ, коммерциялық емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын байқаушылар қатыса алады.
Жұмыс тобының отырысына қатысуға құқығы бар байқаушылардың тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу жүргізу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам бекітілген нысан бойынша өтініш береді.

Коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан және байқаушылардан құжаттар 2022 жылдың 21 мен 26 қаңтары аралығында мына мекен-жай бойынша жазбаша түрде қабылданады: Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы 5 шағын аудан 4 үй, 301 бөлме, сағат 08.00-ден 17.30 дейін, үзіліс 12.00-дан 13.30 дейін, анықтама үшін телефондар: 4-23-06 жəне 4-10-00. электрондық пошта:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Өтініштердің нысандарымен аудандық мәслихаттың сайтында келесідей электронды сілтеме бойынша танысуға болады: https://alga-maslihat.kz

ҚР Президенті

tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Мемлекет басшысының жолдауы

Алға аудандық мәслихатының хатшысы

Мәслихат хатшысы

4134234

Алға аудандық мәслихатының хатшысы
Тулеуов Марат Шамшадинұлы