• 001.jpg
  • 002.jpg
  • 003.jpg
  • 004.jpg
  • 005.jpg
  • 006.jpg
  • 007.jpg
  • 008.jpg
  • 009.jpg
  • 011.jpg
  • 012.jpg
  • 013.jpg
  • 014.jpg

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10 – бабының 2 – тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН :

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он бесінші сессиясы 2021 жылдың 29 желтоқсанына сағат 10-00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

1. Кейбір учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат жасаушы: А.Нұрмағамбетова – Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы.

2. Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 151 «Алға ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Ақпарат жасаушы: Қ.Мусин - аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

3. Алға аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қаңтардағы №7 «Алға ауданының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы.
Ақпарат жасаушы: Д.Асқарова - аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

4. 2022 – 2024 жылдарға арналған Алға қаласының бюджетін бекіту туралы.
Ақпарат жасаушы: Н.Сурбаев – Алға қаласының әкімі.

5. 2022 – 2024 жылдарға арналған Ақай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы.
Ақпарат жасаушы: Б.Жаналин – Ақай ауылдық округінің әкімі.

6. 2022 – 2024 жылдарға арналған Бесқоспа ауылдық округ бюджетін бекіту туралы.
Ақпарат жасаушы: Ж.Бақытжанұлы - Бесқоспа ауылдық округінің әкімі.

7. 2022 – 2024 жылдарға арналған Бестамақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы.
Ақпарат жасаушы: Қ.Дәулеталин – Бестамақ ауылдық округінің әкімі.

8. 2022 – 2024 жылдарға арналған Қарабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы.
Ақпарат жасаушы: Е.Махамбетов – Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі.

9. 2022 – 2024 жылдарға арналған Қарағаш ауылдық округ бюджетін бекіту туралы.
Ақпарат жасаушы: Н.Таженов– Қарағаш ауылдық округінің әкімі.

10. 2022 – 2024 жылдарға арналған Қарақұдық ауылдық округ бюджетін бекіту туралы.
Ақпарат жасаушы: М.Идрисов – Қарақұдық ауылдық округінің әкімі.

11. 2022 – 2024 жылдарға арналған Қарақобда ауылдық округ бюджетін бекіту туралы.
Ақпарат жасаушы: А.Ізтілеуов – Қарақобда ауылдық округінің әкімі.

12. 2022 – 2024 жылдарға арналған Маржанбұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы.
Ақпарат жасаушы: М.Еламан – Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі.

13. 2022 – 2024 жылдарға арналған Сарықобда ауылдық округ бюджетін бекіту туралы.
Ақпарат жасаушы: Қ.Тағанов – Сарықобда ауылдық округінің әкімі.

14. 2022 – 2024 жылдарға арналған Тамды ауылдық округ бюджетін бекіту туралы.
Ақпарат жасаушы: А.Ажигулов – Тамды ауылдық округінің әкімі.

15. 2022 – 2024 жылдарға арналған Тоқмансай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы.
Ақпарат жасаушы: Ш.Көшкімбаев – Тоқмансай ауылдық округінің әкімі.

16. 2022 – 2024 жылдарға арналған Үшқұдық ауылдық округ бюджетін бекіту туралы.
Ақпарат жасаушы: Б.Ақдәулетов – Үшқұдық ауылдық округінің әкімі.

Аудандық мәслихат хатшысы М.Тулеуов

ҚР Президенті

tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Мемлекет басшысының жолдауы

Алға аудандық мәслихатының хатшысы

Мәслихат хатшысы

4134234

Алға аудандық мәслихатының хатшысы
Тулеуов Марат Шамшадинұлы