• 001.jpg
  • 002.jpg
  • 003.jpg
  • 004.jpg
  • 005.jpg
  • 006.jpg
  • 007.jpg
  • 008.jpg
  • 009.jpg
  • 011.jpg
  • 012.jpg
  • 013.jpg
  • 014.jpg

Алға аудандық мәслихаты өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүргізеді. Мәслихаттың және барлық депутаттардың жұмысы бекітілген жоспарға сай атқарылады.

Жолдау.

ҚР Президентінің халыққа Жолдауы жарияланған соң, Алға аудандық мәслихатының депутаттары ауыл тұрғындарымен кездесіп, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Заңнамамен берілген өкілеттіктерді тиімді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауындағы стратегияны қолдайтынымызды, депутаттық белсенділікті арттырып, жергілікті атқарушы билікпен, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен, бизнес құрылымдарымен бірлесіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында бар күш жігерін салып жұмыс істейтіндігіне сенім білдіреді.

Сайлаулар.

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы партиялық тізім бойынша өтті. Пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сәйкес келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың қызметін жандандырады. Бұл жаңашылдықтар партияларға елдің саяси жүйесіндегі өз позицияларын нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер берді.
Бүгінгі күні аудандық мәслихаттың депутаттық корпусы 12 депутатты құрайды. Оның ішінде 10 депутат «Nur Otan» партиясынан, 1 депутат «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан және бір депутат «Ақжол» демократиялық партиясынан.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 тамыздағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауы туралы Жарлығына сәйкес, Алға аудандық мәслихатының депутаттары таңдаушылар ретінде қатысты. Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының нормаларына сәйкес депутаттар және аудандық мәслихат аппараты сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына аудандық сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмысты тұрақты жүргізеді. 2020 жылы Ақай, Маржанбұлақ, Қарақұдық, Қарақобда, Бестамақ ауылдық округтерінің әкімдерін сайлап, дауыс берді. Мәслихат депутаттары өз сайлау округтерінде 2020 жылдың қаңтарында өткен аудан, қала және ауылдық округтер әкімдерінің тұрғындар алдында есеп берулеріне толық қатысты.

Сессиялар.

Алға аудандық мәслихаты өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүргізеді. Мәслихаттың және барлық депутаттардың жұмысы бекітілген жоспарға сай атқарылады. 2020 жылы 18 сессия өткізілді, оның ішінде 4-уі кезекті және 14-і кезектен тыс сессиялар. 2020 жылы елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты аудандық мәслихаттың сессиялары санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтап өткізді.
Сессиялардың жұмысына аудан әкімі және оның орынбасарлары, қала, ауылдық округтер әкімдері, мекеме басшылары, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сессия өткізілетіні туралы ақпараттар аудандық мәслихаттың сайтында жарияланды.
Мәслихаттың пленарлық мәжілістерінде аудан үшін маңызды мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды. Барлық қаралған және талқыланған мәселелер бойынша 124 (жүз жиырма төрт) шешім қабылданды.
Депутаттар есепті кезеңде 2020 – 2022 жылдарға арналған аудандық бюджетке 6 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітті. 2020 жылдан бастап 4-ші деңгейдегі бюджеттер, яғни Алға қаласы және 12 ауылдық округтердің бюджеттері сессияларда бекітілуде. Алға қаласының бюджетіне 6 рет, қалған ауылдық округтердің бюджеттеріне 5 рет өзгерістер енгізілді. Бюджетке енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ауданда мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталды.
Депутаттар үшін маңызды міндеттердің бірі жалпы отырыстар жұмысына қатысу. Сессияларда мәселелерді қарау мен шешім қабылдау еркін және іскерлік талқылау негізінде өткізілді.
Алға аудандық мәслихатында құрамы 10 депутаттан тұратын «Нұр Отан» партиясының фракциясы жұмыс істейді.
Аудандық мәслихаттың аппараты ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері сессиялардың күн тәртібіне енгізілген мәселелерге байланысты құжаттардың орындалу сапасына мән беріп, оны дайындауға тікелей қатысады. Аудандық мәслихат қызметінде қазіргі заманғы коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданылуда, мәслихат сессияларына байланысты материалдар әлеуметтік желілерде орналастырылады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 84 шешім облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, барлығы электронды эталондық бақылау банкінде ресми жарияланды.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары.

Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жүзеге асырады.
Жетінші шақырылған аудандық мәслихатта 2 тұрақты комиссия құрылды. Тұрақты комиссиялардың отырыстарында сессиялардың қарауына ұсынылған мәселелер және ауданның, ауылдық округтер бюджеттері, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланады.

Мониторингтік топтар.

Өз құзыреттеріне сай аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, елімізде короновирустың COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланғаннан соң, санитарлық эпидемиялық ахуалды сақтау бойынша құрылған аудандық жедел штаб пен мониторингтік топтардың жұмысына белсенді қатысып, жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста қызмет етті. Аудандық маслихат депутаттары Алға ауданы аумағында санитарлық – эпидемиологиялық ахуалды сақтау бойынша құрылған мониторингтік топ құрамында кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарына консультативтік – түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сауда орындарына, дәріханаларға және басқа да әлеуметтік нысандарға барып, қажетті азық - түлік бағаларына, коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрілік заттардың және медициналық бетперделер мен қолғаптардың болуына, сонымен қатар санитарлық - эпидемиологиялық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізді.

Азаматтарды жеке қабылдау және сайлаушылармен кездесулер.
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында және аудандық мәслихаттың сайтында жарияланады. Ағымдағы жылы аудандық мәслихат хатшысымен бекітілген кестеге сәйкес, қаңтар айынан бастап аудандық мәслихат депутаттары сайлаушылармен 18 қоғамдық қабылдаулар өткізді. Қабылдауға келген 29 азаматтың 6-ның сұрақтары қанағаттандырылып, 23 азаматқа түсініктеме берілді, тұрғындардың басым көпшілігі жұмыспен қамту және тұрғын үй мәселесін көтерген.

ҚР Президенті

tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Мемлекет басшысының жолдауы