Келушілер

0.png0.png0.png0.png8.png4.png0.png5.png
Бүгін460
Кеше579
Осы аптада3924
Осы айда4783
Барлығы8405

Қазір онлайн:

2
Online
2021-05-09

Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №465 «2021-2023 жылдарға арналған Алға қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешіміне БАСПА РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1 бабына, 9-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №465 «2021-2023 жылдарға арналған Алға қаласының бюджетін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7905 тіркелген, 2021 жылғы 05 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) тармақшасында:
кірістер – «422 017» сандары «363 247» сандарымен ауыстырылсын;
трансферттер түсімі - «372 067» сандары «313 297» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар – «422 017» сандары «387 527,2» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшасында:
бюджет тапшылығы (профициті) – «0» санын «-24 280,2» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшасында:
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – «0» санын «24 280,2»:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – «0» санын «24 280,2» сандарымен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Алға аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚР Президенті

tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Мемлекет басшысының жолдауы