Келушілер

0.png0.png0.png0.png8.png3.png6.png4.png
Бүгін419
Кеше579
Осы аптада3883
Осы айда4742
Барлығы8364

Қазір онлайн:

1
Online
2021-05-09

Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 468 «2021-2023 жылдарға арналған Бестамақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына 104, 109-1 және 111 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 468 «2021-2023 жылдарға арналған Бестамақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7928 тіркелген, 2021 жылғы 06 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер – «84 016» сандары «84 016,4» сандарымен ауыстырылсын:
салықтық емес түсімдер – «0» сандары «0,4» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар – «84 016» сандары «87 409,7» сандарымен ауыстырылсын;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - «0» сандары «-3 393,7» сандарымен ауыстырылсын;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - «0» сандары «3 393,7» сандарымен ауыстырылсын;
қарыздар түсімі- «0» сандары «-2 803,2» сандарымен ауыстырылсын;
қарыздарды өтеу- «0» сандары «2 803,2» сандарымен ауыстырылсын;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары- «0» сандары «3 393,7» сандарымен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Алға аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі
Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 468 «2021-2023 жылдарға арналған Бестамақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы www.alga.raimaslihat.kz сайтында 2021 жылы, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 26 ақпан 2021 жылы орналастырылды. 

ҚР Президенті

tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Мемлекет басшысының жолдауы