Келушілер

0.png0.png0.png0.png8.png3.png8.png0.png
Бүгін435
Кеше579
Осы аптада3899
Осы айда4758
Барлығы8380

Қазір онлайн:

6
Online
2021-05-09

«Алға қаласының атаусыз көшелеріне атау беру туралы» аудан әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихат шешімі жобасының
БАСПА-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6,31 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысына, Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылдың 20 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Алға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алға қаласының мынадай атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:

1 схемалық картаға сәйкес, Шаттық;
2 схемалық картаға сәйкес, Қырмызы;
3 схемалық картаға сәйкес, Серуен;
4 схемалық картаға сәйкес, Жігер;
5 схемалық картаға сәйкес, Сұлусай;
6 схемалық картаға сәйкес, Қайнар;
7 схемалық картаға сәйкес, Көкорай;
8 схемалық картаға сәйкес, Бозай;
9 схемалық картаға сәйкес, Керемет;
10 схемалық картаға сәйкес, Кереге;
11 схемалық картаға сәйкес, Шалғын;
12 схемалық картаға сәйкес, Қанағат;
13 схемалық картаға сәйкес, Сүмбіле;
14 схемалық картаға сәйкес, Лашын;
15 схемалық картаға сәйкес, Жалын;
16 схемалық картаға сәйкес, Сыбаға
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің орынбасары М.Ермаганбетовке жүктелсін.
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Алға ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихат шешімінің жобасы www.alga.raimaslihat.kz сайтында 2021 жылғы 24 ақпанында, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2021 жылғы 02 ақпанда орналастырылып бірлескен қаулы мен шешім жобасының қосымшасы туралы болып, жауап берілді. Алға ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылғы 04 желтоқсанда №61 хатымен алынды 

ҚР Президенті

tokaev
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті


Мемлекет басшысының жолдауы